09 Маус 2022
Жаңалықтар

Педагогтар күннің екінші жартысында балалармен дидактикалық ойындар, қимылды ойындар, сюжетті рөлді ойындар, жеке баламен жұмыстар жүргізеді. Психолог А. К. Жусипова ұсақ қол маторикасын дамытуға арналған жаттығулар жүргізеді

Педагогтенардың жетістіктері:

Республикалық «Өрлеу» порталынан құрмет грамотасы, тәрбиеші А. Н. Кулдыкова, Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңында - Алғыс хат А.Н. Кулдыкова, «Жазғы жұлдыз» Диплом - 2021 ж. А. Н. Кулдыкова, Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықтың семинарына педагогтарымыз қатысып, өз жұмыс барысындағы заманауи әдіс тәсілдерім бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды. «Жарқыра балапан» Республикалдық мектепке дейінгі ұйымдар арасында байқаудан, мәнерлеп оқудан Арманқызы Нұрдана 3 орынды жеңіп алды, жетекшісі Кулдыкова А.Н, «Қыс қызығы» атты диплом 1 орын, жетекшісі А. Н. Кулдыкова және т.б.

«Жарқыра балапан» Республикалық онлайн байқауға балаларды қатыстырғаны үшін, алғыс хат Б. А.Кунтуганова, Педагогтер арасында облыстық олимпиададан 3 орын Б.А.Кунтуганова, «Менің тұңғыш Президентім» бағдарламаға қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымынан алғыс хат және т.б.

«Жарқыра балапан» Республикалдық мектепке дейінгі ұйымдар арасында байқауға балаларды дайындағаны үшін, диплом Рахметова А. А, «Жарқыра балапан», қол өнер байқауынан, Жаслан А

1 орын, Балатай С 2 орын. Халықаралық «Пони» байқауының жүлдегері Алдажанов А., Маханалы І, 3 орындармен марапатталды, жетекшісі Рахметова А. А.

Халықаралық «Пони» байқауынан Диплом 2021 ж Карабалина К. Ж., Халықаралық «Пони» байқауы Марат Т. 1орын, Бүркітбай Ш. 3орын, Мақсотов М. 3орын жетекшісі К. Ж.Карабалина. «Жарқыра балапан» Республикалдық мектепке дейінгі ұйымдар арасында байқаудан, мәнерлеп оқудан Марат Таншолпан 1 орынды жеңіп алды, жетекшісі Карабалина К. Ж. және т.б.

Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықтың семинарына педагогтарымыз қатысып, өз жұмыс барысындағы заманауи әдіс тәсілдерім бөлісіп, алғыс хатпен марапатталды. А. К. Жусипова, Сертификат «Қағазбен жұмыс конструктивті дағдыларды дамыту» қатысқаны үшін А. К. Жусипова және т.б.

Педагогтар арасында іскер ойындар, шебер сыныптар, педагогикалық кеңестер, коучингтер үнемі өткізіліп отырады

Ата-аналармен іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіледі, барлық материалдар папкілерге жинақталған. Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымның жұмысына әр кез  қатысады.

Мектепке дейінгі ұйым жұмысының негізгі бағыты - тәрбие процесін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Жылдық жұмыс жоспарын, педагогикалық кеңестердің хаттамаларын талдау, оқу-тәрбие процесін бақылау соңғы 4 жыл ішінде жұмыстың негізінде барлық бағыттарының қаралғанын көрсетті.

Нормативтік құжаттармен де тиісті жұмыстар жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі жиналыстарда, педкеңестерде, барлық қызметкерлерді ҚР Президентінің Жолдауымен, ҚР Заңымен таныстырады.

Ұйымда іс-қағаздарын жүргізу жұмысы барлық талаптар бойынша жүзеге асырылады: еңбек кітапшалары, еңбек кітапшаларының қозғалысы туралы дәптер, балалардың, педагогтардың жеке іс-қағаздары, ата-аналармен келісім шарттар, бұйрықтар кітабы, өндірістік жиналыстардың хаттамалары, бақылау дәптерлері, инструктаж журналы т.б. жүргізіледі.

«Ақбөбек»МДҰ-ның меңгерушісі. А.Е.Нуржанова

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар