https://aqbobek.aitekebi.edu.kz/kz/jhgerglerigjhdshigfuyewr.html#sigFreeId1663609f89
Сенсорлық ойындар арқылы тілін дамыту.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымында балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.міндеттер:
- Балалардың тілін сенсорлық ойындар арқылы тілін дамыту.
- Сенсорлық ойын құралдарын өз қолымызбен жасаймыз.
- Марблс тастарымен ойындар. Бұл жүйе бойынша балалар өзіне және жекелей заттарына ие болуды үйренеді. Ұсақ заттармен қысқыштар, түймелер, басқыштар және т.б. Сонымен қатар ыдыс жуу,киім жуу, үтіктеу сияқты қарапайым іс-әрекеттер жасайды. Кабиенетте Монтессори жүйесінің негіздерімен жасақталған.
Монтессори кабинетінің жетекшісі Кулдыкова Асель Нурбакитовна
https://aqbobek.aitekebi.edu.kz/kz/jhgerglerigjhdshigfuyewr.html#sigFreeIdc12ab65daa
«Жұлдыз» тобы. Балаларды дамытуға арналған психологиялық ойындар мен жаттығулар. Зейін тұрақтылығы мен ұсақ қол маторикасын дамытып, балаларды ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ермексазбен жұмыс баланың ұсақ қол матроикасын жетілдіру және бала үшін қызықты жұмыс. Балалар ермексазбен жұмыс жасай отырып жақсы нәтиже алған сәтте баланың өзіне деген сенімі артады, логикасы дамып, өзінің ақылды екеніне сене бастайды. Бір жұмысты соңына дейін жасауға дағдыланады.
«Айгөлек» ересек тобы. Геометриялық пішіндерді қабылдауға дамыту. Пішіндерді сәйкестендеру қабілетін дамыту.
https://aqbobek.aitekebi.edu.kz/kz/jhgerglerigjhdshigfuyewr.html#sigFreeIda2171fa24b
Қазанның 17мен 21 аралығында «Жұлдыз» кіші тобында «Алтын күз» апталығы өтті.
Қазанның 17мен 21 аралығында «Жұлдыз» кіші тобында «Алтын күз» апталығы өтті. Топтың барлық балалары қатысты. Аптаның бірінші күні балалардың қол өнерімен басталды. Балалар қол өнерлерін анасымен орындап тапсырды. Онда олар қол өнерлерін әртүрлі заттармен безендіріп әкелді. Балалар түрлі-түсті қағаздан күздің бейнесін желіммен жабыстыру арқылы орындап әкелді. Конустан кірпінің бейнесін жасап әкелсе,кейбір балалар (жапырақтармен, асқабақпен, түрлі-түсті қағаздармен,шемішкімен, дәнді-дақылдармен, конуспен)дайындап әкелді. Аптаның екінші күні «Сән үлгісі» өтті. «Алтын-күзге» байланысты балалар киімдерімен сән үлгісін музыка әуенімен жүріп паш етті.Киімдері балалардың(пакеттен, түрлі-түсті қағаздан,фетр матасынан, матадан, ала сукадан) тігілген. Баланың бірі фетр материалынан қарбыз кисе, екінші бала жуа, картоп, сәбіз болып киінді.Ал екі бала ала сумкадан әдемі күртеше кисе,. бір бала түрлі-түсті қағаздан күздің бейнесі болып шықты. Аптаның соңында балалар марапатталды. Аптаның үшінші күні балалардың «Күзгі тағамымен» жалғасын тапты. Онда балалар күзге байланысты тәттілер, салаттар әзірлеп әкелді.Жемістерден бананмен мандаринен және кивиден талдың бейнесін жасаса, екінші бала жүгеріден күннің бейнесін әшекейледі. Үшінші бала асқабақтан гүл арбасын жасады. Төртінші бала күз мезгілінде астық пісетіндіктен ұннан ыстық бауырсақ пісіріп әкелді. Солай әр бала өз жұмыстарын тапсырды. Апта соңында балалар марапаттарға ие болды.
Тәрбиешісі: Карабалина Қымбат Жаңабергенқызы
https://aqbobek.aitekebi.edu.kz/kz/jhgerglerigjhdshigfuyewr.html#sigFreeId4ddb9097af
Тақырыбы: ”Витаминнің балаларға пайдасы” Витаминдер-адам мен тірі ағзалардың тіршілігіне,олардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасаутын органикалық қоспалар.
https://aqbobek.aitekebi.edu.kz/kz/jhgerglerigjhdshigfuyewr.html#sigFreeIda2642d6b8f
Тақырыбы: ”Дені саудың-жаны сау” Жаттығу-баланың денсаулығын нығайтып, қайрат-жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Тақырыбы: ”Әкем,анам және мен”.Отбасылық сайыс Отбасылық сайыс-отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып,ауызбіршілікте жұмыс жасауға тәрбиелейтін спорттық сайыс түрі.